Accessibility links

Рахат Әлиевтің иелегіндегі мүліктер тәркіленді


Бүгін қазақ билігі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің иелігінде болған қоғамдық суға жүзу бассейні мен аймақтық әуежайды тәркілеп алғанын хабарлады. 2007 жылы Рахат Әлиев қайын атасы болған президентті билігін күшейтіп отыр деп айыптап, Қазақстаннан қашып кеткен. Бас прокуратура кеңсесі хабарлағандай, қаржы орталығы Алматыдағы Рахат Әлиевтің су бассейні, мұнайлы қала Атыраудағы әуежайы және бірқатар мүліктері тәркіленіп алынған. Ресми Астананың іздеуіндегі Әлиев қазір Австрияда тұрып жатыр. Қазақстанда бірқатар қылмыстық істер бойынша сырттай сотталған Әлиев ол айыптаулардың саяси астары бар дейді. Кеше Қазақстан президенті Назарбаев кезінде Әлиевке берілген дипломатиялық артықшылық пен әскери шендерін қайтарып алған.
XS
SM
MD
LG