МӘСКЕУ: Бүгін Ресейдің Мемлекеттік думаның спикері Б.Грызлов В.Путинді премьер-министр лауазымына бекіту үшін ашық дауыс берілетінін хабарлады. Экс-президент В.Путинді премьер-министр лауазымына үміткер ретінде жаңа президент Д.Медведев ресми түрде ант беріп, міндетіне кіріскен күні - кеше ұсынды. В.Путинді Мемлекеттік думадағы оның өзі бастаған “Единая Россия” партиясының, сондай-ақ Либералдық-демократия, “Справедливая Россия” парияларының фракциялары қолдап дауыс беретіндерін мәлімдеді. Г.Зюганов бастаған коммунистер қарсы дауыс бермекші.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр