Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Ресейдің жаңа президентімен алғаш рет сөйлесті


ВАШИНГТОН: Абхазияның проблемасы салдарынан Мәскеу мен Тбилисидің арасындағы қатынастың өрши түсуіне байланысты АҚШ президенті Дж.Буш Ресей президенті Д.Медведевпен телефон арқылы әңгімелесті. Дж.Буштың айтуынша, Ақ үй Грузиядағы ахуалға алаңдайды және барлық жақ әлгі ахуалды түзеуге күш салады деп үміттенеді. Оның алдында Еуропа Одағы Грузияның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеген болатын. Кеше Тбилисиде Еуроодақтың бірнеше елінің сыртқы істер министрлерін қабылдаған грузин президенті М.Саакашвили Абхазия сепаратистерін қолдап отырған Ресей Грузияның территориялық тұтастығына қатер төндіреді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG