Полицияның хабарлауынша, Бағдадта шииттердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садрдың қолдаушылары мен қауіпсіздік күштері арасында түнде орын алған шайқастарда 11 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған. Сонымен қатар, басқа да қақтығыстарда АҚШ сарбаздары кемінде 3 қарулы адамды өлтіргендерін хабарлап отыр.