5 аптадан астам уақыттан бері Қазақстандағы Интернет пайдаланушылары “Азат Еуропа / Азаттық радиосының” қазақ тіліндегі вебсайтына кіре алмай отыр.
“Бұл өте алаңдатарлық. Басында біз техникалық проблемаға байланысты қызметіміздің парақшасы ашылмай жатқан шығар деп ойлағанмыз. Бірақ көптеген өтінішке қарамастан, Қазақ үкіметінің бізге жауап беруден бас тартуына қарағанда, бұл - әдейі жасалып отырған араласу әрекетіне ұқсайды. Егер олар біздің қызметімізді қайта қалпына келтіруге мүдделі болғанда, осы уақытқа дейін солай жасаған болар еді”, - дейді “Азат Еуропа/Азаттық” радиосының президенті Джеффри Гедмин.
Сәуірдің 11-нен бері, Азаттықтың интернеттегі azattyq.org деген парақшасына бөгет жасалып жатқан сияқты. Қызметті қалпына келтіру мәселесіне орай Қазақстан үкіметі мен «Қазақтелекомға» бірнеше рет өтініш жасалған болатын. «Қазақтелеком» Орталық Азияда негізгі Интернет провайдері болғандықтан Қырғызстан мен Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде де Азаттықтың веб-сайттары ашылмай жатыр.