Венесуэла қорғаныс министрі Густаво Ранхелдің айтуынша, сенбі күні Венесуэланың Ла-Орчила аралында АҚШ теңіз-әскери ұшағы көрінген. Осыған байланысты түсініктеме алу үшін бүгін Каракастағы АҚШ елшісі шақырылды, дейді Ранхел. АҚШ ресмилері әлгі ұшақ жаттығу барысында Венесуэланың әуе кеңістігіне кездейсоқ өтіп кеткен шығар деп сипаттап отыр.