Қытайда өткен аптадағы зілзаладан құрбан болғандарға қатысты аза тұту күндері басталды. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Қытайдағы Олимпиада алауының эстафетасы 3 күнге кейінге қалдырылады. Елдің оңтүстік-батысында жаңадан жерсілкінісі болып, 3 адам қаза тапты. Ресмилердің айтуынша, өткен аптада Сичуань өлкесінде орын алған зілзаладан шамамен 32500 адам опат болған. Бірақ олардың саны 50 мыңнан асуы мүмкін деп күтілуде.