Accessibility links

Грузия президентінің партиясы парламенттегі орындардың басым бөлігіне қол жеткізді


Грузиядағы парламенттік сайлауларда президент Михаил Саакашвилидің партиясы жеңіске жеткен көрінеді. Бастапқы нәтижелерге қарағанда, Біріккен Ұлттық Қозғалысы дауыстардың басым көпшілігіне қол жеткізген, яғни 57 пайыз дауыс жинаған. Ал Біріккен оппозиция тобы шамамен 16 пайыз дауысқа ие болған. Грузия оппозициясының басшысы Леван Гачечиладзе дереу сайлау бұрмаланды деп мәлімдеді. Ал оның алдында, Грузия билігі Абхаз сепаратистік күштерін сайлауда дауыс беру үшін шекарадан өткен этникалық грузиндерге қарсы оқ атты деп айыптады.
XS
SM
MD
LG