Израиль бас министрі америкалық компаниялардан жүздеген мың доллар пара алған, сайлау науқанына заңсыз қаражат жинаған делінеді. Мәселен, Лейбористік партияның өкілі, қорғаныс министрі Эхуд Барак бас министрдің үкіметті де басқарып, жеке шаруаларын да реттеп жатқаны орынсыз, бас министр қызметінен кетпесе партиямыз коалициялық үкімет құрамынан шығады деп ескерткен. Мұның сыртында осы аптада Израиль сотында жауап берген америкалық бизнесмен Эхуд Олмерт бас министр болмай тұрып, оған мыңдаған доллар пара бердім деген.