Ирақ премьер-министрі халықаралық қауымдастықты Саддам Хуссейн билігі кезіндегі Ирақтың қарыздарын жоюға шақырды. Бұл туралы Нури әл-Малики бүгін Швеция астанасы Стокгольмде басталған халықаралық конференцияда мәлімдеді. Соғыс салдарынан болып жатқан қиындықтар мен шамамен 67 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі шетел қарызы Ирақтың дамуына кедергі жасауда, деді Нури әл-Малики. Ал оның алдында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Ирақ “тұңғиықтан шегінуде” деп мәлімдеген болатын.