АҚШ-та бес ай бойы жалғасқан бақталасудан кейін сенатор Барак Обама Демократтар партиясынан президент сайлауына үміткер болып тағайындалатын көрінеді. АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, Обама партиядан ортақ үміткер болу үшін қажетті 2118 делегаттың қолдауына ие болған. Миннесотадағы қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде Обама қараша айында өтетін президент сайлауында Республикашылар партиясының кандидаты Джон МакКейнмен өзінің бақталасатындығын айтты.
“Америка, бұл біздің сәтіміз. Бұл - біздің уақытымыз. Бұл - бұрынғы саясатты өзгерту жолындағы біздің уақытымыз. Алдымыздағы проблемаларды шешуге жаңа энергия мен жаңа идеяларды алып келу және біз жақсы көретін еліміз үшін жаңа бағытты ұсыну жолындағы бұл - біздің уақытымыз”, - деді Обама.
Ал оның бәсекелесі сенатор Хиллари Клинтон Нью-Йоркте өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде Барак Обаманы құттықтады, бірақ өзінің жеңілгені жөнінде ешнәрсе айтпады. Соңғы дауыс берулерде Клинтон Оңтүстік Дакотада, ал Обама Монтанада жеңіске жеткен болатын.