Қаржыны 1999 жылдары «Қазақстанның лауазымы жоғары басшылары алған пара» деген күдікпен Швейцария банктері тұтқындаған болатын. Былтыр осы қаржы үш жақты келісімнің нәтижесінде Қазақстанға қайтарылатын болып шешілген. Бірақ, АҚШ пен Швейцарияның осы қаржыны қайтару үшін Қазақстанға қойған шарты бар болатын.
Дүниежүзілік банк өкілдерінің айтуынша, «Бота» қоғамдық қоры мамыр айында Қазақстанда ресми тіркеуден өтті. Қазір осы қорды басқару үшін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жүргізілуде.
Әзірге осы қордың қамқоршылар кеңесіне қазақстандық 5 азамат таңдалып алынған. Олар – Адам құқықтары мен заңдылықтардың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис, халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес «Транспэрэнси-Қазақстан» ұйымының атқарушы директоры - Сергей Злотников, «ПроМед» қорының төрағасы Нұғманова Жәмила, Астанадағы №27 мектеп директоры Садуақасов Хәкім, Алматыдағы №1 перзентхананың бас дәрігері - Садықова Ақмира.
Қордың алдағы атқармақ жұмыстары жайлы осы қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі Сергей Злотников былай дейді:
«Әзірге төрт бағытта жұмыс істемекшіміз: жұпыны жанұяларының балаларын оқытуға көмек, дәрігерлік көмек саласы бойынша, жастарды қолдау бағытында және шикізат өндіру саласының ашықтығын қолдау бағытында. Мысалы, дарынды және жұпыны отбасылардан шыққан 2000 студентке жылына стипендияға және оқуына 5000 доллардан бөлу, денсаулық сақтау саласында СПИД-ке қарсы шараларға қаржы бөлу, т.б. салалар қамтылмақ. Міне, осы салаларға қор жылына 20 миллион доллар бөлмекші».
«Қордың штаты да әжептеуір көп болмақ» дейді, қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі Евгений Жовтис:
«Бұл қор үкіметтен тәуелсіз жұмыс атқармақшы, себебі кезінде АҚШ, Швейцария, Қазақстан үш жақты келісіміне сәйкес қойылған шарттың біреуі осы болатын. Екіншіден, қор тек жұпыны жанұяларына көмек көрсетіндіктен оны атқаратын тиесілі адамдар да болуы керек. Сондықтан штатымыз салыстырмалы түрде көп болады деп отырмыз. Ал қорды басқаруға осы салада жұмыс тәжірибесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым келмекші. Ол да үш жақты келісімдегі тағы бір талап болатын. Қазір соны таңдау бағытында жұмыс атқарудамыз. Ал ол халықаралық үкіметтік емес ұйым жұмысшыларының жалақы қоры халықаралық нормалар шеңберінде, ары кетсе қордың 5-7 пайыз мөлшерінде ғана болмақ деп ойлаймын».
Осы қорға түсетін 84 миллион АҚШ долларын қадағалайтын Дүниежүзілік банк баспасөз қызметінің Алматыдағы жетекшісі Елена Карабан да бұл қордың жұмысы ашық, жариялы түрде болатынын айтады.
«Жиналған қаржыны кезінде «Қазақгейт» ісіне байланысты АҚШ үкіметінің ұсынысымен Швейцария банктері қамауға алған болатын. Былтыр АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қанат Саудабаевтың араласуымен үш мемлекет қол қойған келісімнің нәтижесінде «Бота» қоғамдық қоры құрылып, жемқорлықтан түскен ақшаны қайырылымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылданды. Бұл соның нақты көрінісі. Осы жайлы баспасөз беттерінде талай жазылған. Кезінде Қазақстандағы билік басындағылардың кеңесшісі қызметін атқарған АҚШ-тың Джеймс Гиффен деген азаматы АҚШ-тық мұнай компанияларының Қазақстандағы мүддесін оңтайлы шешу үшін осындағы лауазымды адамдардың есеп-шоттарына аударған ақшасы осы 84 миллион АҚШ доллары. Оны кезінде Қазақстан жағы пара деп мойындамаған. Бірақ, осындай үш жақты келісімге қол қоюының Қазақстан жағының қайырымдылық қор құрып, ақшаны соған жаратамыз дегенінің өзі, сондай жемқорлықтың барлығын, кінәні мойындағанмен пара-пар».
Алайда бұл қаржының мәселесі әлі шикі дейді «Трансперенси Қазақстан» ұйымының директоры Сергей Злотников:
«Мен заңгер ретінде АҚШ азаматы Джеймс Гиффеннің ісімен таныс емеспін. Оның сот ісі туралы әртүрлі алып-қашпа әңгіме көп. Екі жақтан да ақша төленіп, тапсырыспен жазылып жатқан мақалалар да жеткілікті. Сондықтан істің мән-жайын ашып айту қиын. Екінші жағынан, сот ісі аяқталмай, үкім шығарылмай тұрып, осы қаржының Қазақстанға қайтарылып жатқанына қарап, пара туралы қандай әңгіме айтуға болады?»
Сөйтіп, «Бота» атты қоғамдық қор өз жұмысын биылғы күзде бастауы керек деп жоспарлануда. Алғашқыда жұмысын төрт жылға созылады есептеп отырған қор, кейін жұмысын ары қарай да жалғастыратындығына үміттенеді.