Екі баланың анасы Гүлмира Қасымбекқызы Алматы қаласындағы асханалардың бірінде жұмыс істейді. Жалғызбасты ана қазіргідей қымбатшылық заманда балаларын асырау оңайға тиіп жүрмегенін айтады.
- Екі қызыммен бірге жалдап тұрып жатқан пәтерге ай сайын 10 мың теңге төлеймін, бұдан басқа жарыққа төлеп, газ, көмір, отын сатып аламын. Қазір тұрмыс тауқыметінен қатты қиналып жүрмін. Балаларыма қарайтын уақытым да жоқ. Демалыс күндері үй тазалап, балаларға, жолақыға, нанға ақша табу үшін, қосымша жұмыс істеймін - деп мұңая күрсінеді ана.
Гүлмира Қасымбекқызы қала ішіндегі қоғамдық көліктегі жолақының қымбаттауын үйреншікті жаңалық ретінде қабылдапты.
- Қазір баға күнде көтеріліп жатыр. Азық-түліктің бәрі қымбаттап кетті - нан да, шай да, май да. Менің айлығым 30 мың теңге. Алыста тұрғандықтан, күнде үш автобусқа мініп, жұмысқа әзер жетем. Соның өзінде мына жерге дейін 80 теңге, одан бері қарай 40 теңге төлейтінмін. Қазір міне жолақы 50 теңге болды. Ал, жалақымыз түк көтерілген жоқ. Қарапайым халық қатты қиналуда. Көбінің мойнында несиесі бар. Осыдан кейін, халықтың көбісі ұрлық жасап, жаман жолға түседі, - дейді Гүлмира.
Алматыда жолаушы тасымалдау көлігінде жолақы қымбаттаған алғашқы күн көпшіліктен сабыр кетті. Бар құқайды қоғамдық көлік жүргізушілері мен билет тексерушілер көрді дейді қоғамдық көлік жүргізушілері.
- Жолаушылар төлемей кетіп жатыр. Жібересің, не істейсің енді, төбелесесің бе олармен? Біздің қандай жазығымыз бар? Біз халыққа айтып жатырмыз «міне, автопарктің телефон нөмірі, айтыңыз» деп. Олар бізді жазғырады. «Мен Астанаға жазам, тағы бірдеңеге жазам» дейді. Бізде күнделікті 23 мың теңгенің жоспары бар. Ол бола ма, болмай ма, бүгін төлей ме, төлемей ме - оған қарамай өсіріп жіберді жоспарды. Дұрыс па сол? - дейді Алматы қалалық қоғамдық көлік жүргізушілері.
Қала ішіндегі жолаушылар тасымалдау автопаркінің басшылары жергілікті әкімдікке жолақыны көтеру туралы осыған дейін талай мәрте ұсыныс жасаған еді. Олар мұны елдегі жанар-жағар май бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр.
- 2006 жылы жанар-жағар майдың 1 литрі 45 теңге болған, қазір 90-95 теңге, - дейді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті бастығының орынбасары Мақаш Ермұханбетов.
Кейбір сарапшылар Қазақстанда барлық салаларда көрініс беріп отырған қымбатшылықты әлемдік экономикалық дағдарыспен байланыстырады. Ал экономика ғылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябеков бұл пікірмен келіспейді. Дегенмен, ғалым әлемдік үрдістің Қазақстан экономикасына қандай да бір әсерін жоққа шығармайды.
- Неге осыншама бай мемлекетте отырып бізде бензин, т.б. заттар қымбаттауы керек?! Менің білуімше, бұл біздегі жүргізіліп отырған саясаттың үлкен өзгерісті қажет ететіндігін көрсетеді. Біз барлық байлығымызды шетелдік инвесторларға беріп қойдық та, басқару жүйесі мен тәртіпті қолдан шығарып алдық. Бүгінгі саясат монополистер мен байлығымызды сатып алған солардың иегерлерінің пайдасына жұмыс істейді. Экономиканы тиімді басқарғымыз келсе біз бұған жеткізбеуіміз керек еді.