Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев, маусымның 11-күні «Литер» газетінде шыққан сұхбатында, президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қызметінде 2017 жылға дейін қалатыны сөзсіз деп мәлімдеді. Елдегі оппозиция күштеріне бас біріктіре алмайтын әлсіз ұйымдар деп баға берген президент кеңесшісі, алдағы жылдың күзінде Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтуі ықтимал екенін айтты.