13 жасар Нұртас Қайырбеков таңертеңнен кешке шейін Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарында сусын сатып, нәпақасын тауып жұр. Бұл Нұртастың оқу жылы аяқталғаннан кейінгі істейтін үйреншікті тірлігі.
- Қиын ба жұмыс? - Қиын емес, үйреніп кеткем. - Таңертең сағат нешеде тұрасың? - Жетіге таман тұрамын. Бұл жаққа келгенше 8 болады. Кешкі сағат 6-да жұмысты бітем. - Жұмыс берушілердің сенімен қарым-қатынасы қандай? Ақшаны уақытында беріп тұра ма? - Жақсы төлейді. Күніне 800 теңгеден.
Алайда әңгімеге тартқан Нұртас базар жағалап, сусын сатуға қандай мұқтаждықтың итермелегендігінің себебін айтып бергісі келмеді.
- Не үшін жұмыс істеп жүрсің? - Керек болған соң істеймін ғой… - Әке-шешең осында ма? - Мұнда емес, Тараз жақта.
БҰҰ-ның мәліметіне жүгінсек, қазіргі таңда әлемде 5-14 жас аралығындағы 132 млн-ға жуық бала ересектерге тән жұмысты істейді екен. Мамандар Қырғызстан мен Өзбекстандағыдай болмағанымен, Қазақстанда да балалар еңбегін пайдаланудың бар екенін жоққа шығармайды. Әйтсе де олар Қазақстанда қаншама баланың тым ерте кезден ересектердің жұмысына жегілетіндігіне нақты жауап бере алмай отыр.
Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігімен бірігіп жасаған алғашқы зерттеулеріне сәйкес, биылғы жыл басында республика көлемінде 9 мыңға жуық жастайынан еңбекке араласуға мәжбүр болған балалар тіркеліпті. Мамандар маусымдық жұмыстар басталған кезде бұл санның екі есеге көбейетінін айтып отыр.
Халықаралық еңбек ұйымындағы балалар еңбегінің ең ауыр түрлерін жою жөніндегі жобаның үйлестірушісі Дана Жандаева Қазақстанда да балалар еңбегін пайдаланудың ең ауыр түрлерінің кездесетінін айтады.
- Ата-аналар өздерінің қарыздарын өтеу үшін балаларын жұмысқа салған жағдайлар болды. Сондай-ақ, бізде арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар қыз баланы жезөкшелікке салған бір жағдайды тіркеді.
Сұхбаттасымыз балалар еңбегін пайдалану жағдайлары арнайы мамандықты талап етпейтін ауыл шаруашылық салаларында жиі кездесетінін айтады.
- Маусымдық жұмыстар: темекі мен мақта жинау басталған кезде балалар жұмысқа көп тартылады. Бұл әрине, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарына қатысты. Сондай-ақ, базарда жұмыс жасайтын балалар көп. Қайыр сұрап тұратын балаларды біз жиі кездестіреміз. Олар ересектер айтқан кез-келген жұмысты істеуге дайын, - дейді Халықаралық еңбек ұйымының өкілі.
Қазақстан Республикасының Заңы бойынша балалардың 16 жастан бастап жұмыс істеуге құқығы бар. Мамандардың пікірінше, жастайынан жұмысқа жегіліп, ересектермен қатар жұмыс істейтін бала мектепте дұрыс білім ала алмайды. Алматы қаласы ішкі істер департаменті кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жасау бөлімінің аға инспекторы Рақым Төлеуқұловтың айтуынша, мектепте оқымай қысы-жазы ауыр еңбекке жегілген балалардың көбісі көрші мемлекеттерден келген.
- Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген балалар. Жұмыс істеп жатқан жерінен ұсталған балалардың көбісі Алматыдағы «барахолка» базарында, көкөніс сататын жерлерде көп кездеседі. Әке-шешесіне көмектесетіндері бар, өздері сататындары да бар. Енді күнкөріс қамы ғой оларды мәжбүрлейтін. Құжатсыз келгеннен кейін біздегі оқшаулау орталығына түседі. «Саған кім осылай жұмыс істе деп айтты?» деп сұрақ қойған кезде олар тікелей сол адамды көрсете алмайды. Ол тікелей көрсете алмағаннан кейін, ешқандай келісім-шарт болмағаннан кейін қай адам болсын «мен емес» деп айтады. Құжаттарын жинағаннан кейін әке-шешелерімен бірге жұмысты өткізіп үйлеріне қайтарады.
Ішкі істер департаментінің мәліметінше, соңғы бес айда Алматы қаласы бойынша, осындай 109 бала ұсталып, оқшаулау орталығына жіберіліпті.