Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің студенті Болатбек жоғары оқу орнындағы парақорлықтың тамырына балта шабу мүмкін емес дейді:
- Мұғалім қайдан шықты? Ол да оқу орнынның түлегі. Бәріне топырақ шашудан аулақпын, әйтсе де, қазіргі студенттерге мамандықпен қатар, «парақор» деген қосымша кәсіп те беру керек сияқты. Студент 4 жыл оқумен бірге, «парақорлық шеберлігін» шыңдап шығады. Параны беріп тәрбиеленген маман, болашақта оны істемейді дегенге кім кепілдік береді?
Мақсат есімді студент университеттегі материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігінің төмендігі оқуға деген ынта-ықыласты төмендететіндігін айтады. Ол жақсы баға алу үшін ұстазға пара беретінін жасырмайды:
- Кейбір мұғалімдерге ақша берсең бір сөзге келмей керекті бағаңды қойып береді. Ал кейбіреулері, өздері ашық сұрайды. Баға үшін не істемейсің? Шәкіртақы алу үшін сол сұраған ақшасын беріп, керекті бағаны аламыз.
Әйткенмен, ұстаздардың барлығы бірдей ұсынылған параны ала бермейтіндігіне Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің студенті Мейіржан мынадай мысал келтірді:
- Бес саусақ бірдей емес. Мұғалімдердің барлығы бірдей пара алады деп айтуға болмайды. Мәселен, мен өткен жылы 2-3 сабақтан емтихан тапсыра алмадым. Ақша арқылы бағаны қойғызбақ болған әрекетіме келіспеген мұғалімдер мені қуып шықты. Алайда, кейіннен мен олардың берген тапсырмаларының барлығын орындап, ешқандай ақысыз керекті бағаны алдым. Оқу орынында көп жылдар қызмет етіп келе жатқан мұғалімдер пара алмайды, параны көбінесе оқытушылық қызметке жаңадан тұрған ұстаздар алады.
Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде аға оқытушы болып жұмыс істейтін, өз аты-жөнін айтқысы келмеген келесі сұхбаттасымыз, оқытушыны әлеуметтік жағдайының төмендігі пара алуға мәжбүрлейді деп ақталуға тырысты:
- Пара берудің де жөн-жосығы бар. Кейбір студенттер сабаққа өзінің келмегенімен қоймай, дікектеп, үстемдік көрсетіп жатады. Әрине, егер барынша кішіпейілділік танытып, сабаққа келмегенінің себебін түсіндірсе біз де түсінеміз ғой. Ал пенде болған соң, пара алмаймын деп айтпаймын, беріп жатса аламын.
Алматыдағы колледждердің бірінде сабақ беретін, есімін айтуды жөн санамаған мына бір ұстаз, мұғалімге пара ұсынатын студенттердің өздеріне кінә артады:
- Студенттер сабақтан көп қалады. Басқа да себептер болады. Параны беріп тұрғанда алу керек. Бірақ, бір қызығы өздеріне баға керек кезде ақшаны жалынып, жалбарынып берген студенттер соңында өзіңді өсекке қалдырады. Мен түсінбеймін, кейіннен әңгіме жасайтыны бар, не үшін береді?
«Болашақ» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары Дәурен Бабамұратов, «Азаттық» радиосына берген сұхбатында, қоғамды меңдеп алған парақорлықты ауыздықтау мүмкін емес деген пікір білдірді:
- Қазіргі таңда кімдердің қанша пара алатынын ешкім білмейді. Сондықтан, осы бағытта күрес жалғасу керек. Жемқорлыққа қарсы елде бірнеше агенттіктер, ведомстволар күресіп жатыр. Оның барысында 3-5 мың теңгемен пара алған 1-2 адамның сотталып жатқандығын теледидар арқылы көрсетіп жатады. Мұның бәрі көп жағдайда құр көзбояушылық екенін халық біледі.
Қазақстанда 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданып, 2006-2010 жылдарға арналған, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілген.