Accessibility links

Студент Құралай Жұмақанқызы Қазақстандағы БАҚ туралы


- Бүгінгі таңда БАҚ қоғамның жүрегіне айналған. Қазіргі таңда жұмыс жасап жүрген кейбір БАҚ белгілі бір саяси күштің қолшоқпары іспетті. Яғни, бір адамның мүддесі үшін жұмыс істейтін сияқты.

Ал қарапайым халықтың тұрмыс-жағдайы назардан тыс қалып жатады. Соның бірі - шалғайда жатқан ауыл халқының проблемалары. Мәселен, кейбір басылым тілшілері ауылдың шынайы хал-жағдайын білмей жатып-ақ, кабинетінде отырып алып, мақала жазады.

Шын мәнінде көзге елестету мен көзбен көрудің арасы мүлдем алшақ емес пе? Сондай-ақ қазақстандық ақпарат құралдарын шетел БАҚ-ымен салыстыруға мүлдем келмейді.

Біріншіден, бізде аудитория зерттелінбейді. Кімге қандай ақпарат ұсынылуы керек, ол жағы да ескерілмеген. Сондықтан ең алдымен кез келген БАҚ өз аудиториясын зерттеп, соған лайық ақпарат-хабар таратуы керек деп ойлаймын.
XS
SM
MD
LG