Батысшыл партиялармен бірлескен үкіметтік коалиция құру келіссөздері сенбі күні кешке қарай басталған болатын. Өткен айдағы парламенттік сайлау нақты нәтижесіз аяқталып, президент Борис Тадичтің партиясы ең үлкен блок ретінде қалған еді. Бірақ Сербияның Евродаққа кіруін тездетуді қалайтын Борис Тадичтің партиясы парламентте көпшілік болу үшін социалистердің қолдауын қажет етеді.