Accessibility links

Білім саласының қызметкері Жанар Байземізова ауыл жастары туралы


- Қазір ауылда қаншама парасатты, ойлы жастар жүр. Солардың басым көпшілігі қалаға келіп, жоңғары оқу орнына түсе алмайды. Өйткені, олардың мүмкіншілігі аз.

Қазақстанның келешегі үшін қызмет етіп, болашағы үшін жұмыс жасайтын жастардың аяғына тұсау салынды. Себебі, оқимын, білім аламын деген ауыл жастарында қаражат жоқ.

Ауылдың жағдайы қазір белгілі. Жастардың көңілін аулап, уақытын тиімді өткізетін үйірмелер, мәдени ошақтар да жоқтың қасы.Ал ауылда жүрген жастар немен айналысады?

Кешке көшеге шығып, ішімдік ішіп, темекі тартқаннан басқа не қалды оларға. Менің тілегім, Қазақстан үкіметі ауыл жастарының ел қатарлы жоғары білім алып, ел мүддесі үшін қызмет етуіне көмек жасаса деймін. Мәселен жоғары оқу орнына түсу кезінде ауыл жастарына квота бөлінеді. Бірақ та, сол бөлінген квотаға да ілінбей қалып жататындар бар.

Ауыл мектептерінің жағдайы да бізге мәлім. Ол жерде сапалы білім беретін ұстаздар да қалмады.
XS
SM
MD
LG