Алматыға осыдан бір жыл бұрын Өзбекстаннан жанына бір баласын ерте келген Ибрахим Әл-Хашими кезінде «Бірлік» халық әрекеті қозғалысының мүшесі болыпты. Оппозициялық бағыттағы іс-әрекеті үшін өзбек билігі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған қозғалыс мүшелерінің көбісін қазір Өзбекстан үкіметі экстремистер деген атпен арнайы тізімге алған дейді Ибрахим әл-Хашими. Сонымен бірге, өзі секілді басқа елдерге заңсыз өтіп кеткендері де аз емес екенін айтады сұхбаттасымыз:
- Ұрды, төпеледі, қамады 1-2 рет. Сотқа берді. «Әрі жаққа шықпа, бері жаққа шықпа», «сақал қойма», «Кәрімовке қарсы сөйлеме», «даусыңды өшір» деп маған тыныштық берген жоқ. Кейіннен президенттік сайлау кезінде қарсы шығып, митинг ұйымдастырып, лозунгтермен шықтық. Талай рет қамауға алды. Паспортымды да ауыстырып бермей қойды. Ақырында көшеде қалғанымды білдім. Бәрі болмағаннан кейін баламды алып шекарадан Қазақстанға өтіп кеттім.
Қазірде БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Алматыдағы орталығында босқын мәртебесін алу үшін кезекте тұрған Ибрахим әл-Хашими Өзбекстанға қайтып баратын болса, заң орындары ізіне түседі деп қорқады. Ол жақта үш баласы мен әйелі қалыпты. Бір жылдан астам босқын мәртебесіне қол жеткізе алмай қиналып жүрген ол Қазақстанда қалғысы келетінін айтады.
- Біреу мені қазаққа ұқсатады, біреу өзбек дейді. Саяси «өткені» бар дейді. Кәрімовке қарсы болғаннан кейін бұл жақта босқындарды қабылдамайды. Мен интервью бергенде «қазақ екенсіз, сізге Қазақстанда қала беруге болады» дегеннен кейін осы жерде қала беруді ойладым. Бірақ, бұл жерде қалғым келгенімен, қалуға мүмкіндік болмай тұр. Білмеймін, не болатынын, бір Алла біледі, - дейді Ибрахим үстіндегі көнетөз жейдесінің түймесі жоқ өңірін қапсыра ұстап.
Маусымның 20-сы күні Қазақстан президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағымбек Тұрсынов елде босқындар туралы заң жобасын тезірек қарастыру керектігін мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан босқын мәртебесі туралы БҰҰ-ның Конвенциясына қосылған мемлекет болғандықтан, елдегі заң жүйесі де халықаралық міндеттерге сай болуы тиіс.
Әйткенмен, адам құқықтарын қорғаушылар Қазақстан халықаралық қауымдастық алдында өз мойнына алған міндеттемелерін орындауға асықпай отыр деген сын айтады.
- Бұл, әсіресе, босқындарға қатысты. Соңғы уақытта ішкі істер департаменті қызметкерлерінің «тізімге алу керек» деген сылтаумен босқындарды заңсыз түрде қамайтын жағдайлар тым жиілеп кетті. Сондай-ақ, олар туралы ақпаратты сәйкесінше, олардың елдеріндегі заң орындарына беріп жатыр деп айтуға негіз бар. Қазіргі уақытта мемлекет олардың құқықтары туралы мәлімет беретін ешқандай материал шығарып отырған жоқ, - дейді Алматыдағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродағы «Босқындарға құқықтық көмек» атты жоба үйлестірушісі Денис Живаго.
Қазақстан босқындар мәртебесі туралы БҰҰ-ның Конвенциясына 1998 жылы қосылған. Дерек бойынша, қазіргі кезде әлемде 40 млн-ға жуық босқындар тіркелген.
Ал Қазақстандағы ресми тіркелген босқындардың негізгі бөлігін Ауғанстан, Шешенстан, Тәжікстаннан келген босқындар құрайды.