Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Чехиямен радар келісімін жасау үшін Прагаға келді. Құрама Штаттардың Иран сияқты елдерден болуы мүмкін зымыран шабуылына қарсы делінген қорғаныс жүйесінің бір бөлігін Уашингтон Польшада орналастырғысы келеді. Бүгін АҚШ пен Польша зымыран қорғанысы жоспары бойынша келісімге келе алмады.