Осы оқиғадан соң іле-шала кейбір жергілікті сарапшылар, Қазақстанның бұл ұстанымы алдағы уақытта ЕҚЫҰ-да дағдарыс туғызуы ықтимал деген болжам жасап қойды.
Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжинің «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбатында айтылған ойлары туралы не дер едіңіз?» деп, «Тасжарған» газетінің редакторы Бақытгүл Мәкімбайдан сұрағанымызда, ол:
«Рас, Марат Тажин «міндеттеме аламыз» деген жоқ қой. Бірақ ол сөзінің барысында «Қазақстан демократиялық даму жолында елде осындай реформалар жүргізеді деп уәде берді» деп, қазақстандық қана емес, әлемнің журналистері де жазды ғой! Оның уәде бергенін бүкіл әлемдік ақпарат құралдары хабарлады. Мұны журналистер ойлап тапты дейтін ештеме жоқ. Өздерінің айтқандары, 2010 жылға дейін қоғамды демократияландыру жолында жасаймыз деп берген уәделері, алған міндеттері!» - деп жауап берді.
Біз осы сауалды тәуелсіз журналист Сергей Дувановқа да қойған едік.
«Егер біз Марат Тәжин мырзаның айтқандарының сыпайгершілігін сырып тастап қарасақ, ол тура былай деді: «Біз ешқандай міндеттемелер алған жоқпыз, мұның бәрі журналистердің ойлап тапқаны. Мадридте біз тек демократиялық реформаларды қолдайтынымызды айттық. Біз біреулерге нақты бір мерзімге бір нәрсе істейміз деп уәде берген жоқпыз». Сыртқы істер министрі Мадридте қоғамды демократияландыру туралы Қазақстанның принципті ұстанымдарын ғана айтыпты! Ол «біз ЕҚЫҰ-на төраға болған-болмағанымызға қарамай осы бағытымызбен жүре береміз, және бізді онда ешкім бұған мәжбүрлеп отырған жоқ, біз бұл мәселеде біреуден бірдеме үйренейік, не алайық деп отырған жоқпыз, себебі ЕҚЫҰ мүшелері өзара тең, біреуі – біреуіне ұстаз емес» дей келіп, «біз өзімізде Еуропадағыдан ерекше, ЕҚЫҰ-ның ұстанымдары негізінде емес, өзіміздің мемлекеттік мүддеден туындайтын демократияны орнатпақпыз» дейді. Ал «мемлекеттік мүдде» дегеніміз ол – президенттің жеке билігін одан әрі күшейту, БАҚ пен сайлауды жаппай бақылау. Міне, осылар қазіргі жүйенің мүддесі, енді мұны олар ЕҚЫҰ төрағасы ретінде қорғамақ», - деді Сергей Дуванов.
Дувановтың айтуынша, Қазақстанның бұл ұстанымы алдағы уақытта ЕҚЫҰ-ның идеологиялық дағдарысына әкелуі әбден мүмкін.
«Елестетіңізші, әлі ЕҚЫҰ ұйымына төраға болмаған мемлекет, «сіздер бізге нұсқау бере алмайсыздар, бізде сіздердегіден ерекше өзіміздің демократиямыз бар» деп мәлімдеме жасап отырғанына қараңызшы. Демек, ЕҚЫҰ негізі боп табылатын «батыстық демократия» бар да, шығыс Еуропа мен Азияның «өзіндік демократиясы» бар екен. Осы мәселеде ЕҚЫҰ идеологиялық тұрғыдан дағдарыс алдында тұр деуге болады», - деді журналист.
Ал, тағы бір саяси сарапшы Әзімбай Ғали министрдің сөзінде ешқандай қайшылық жоқтығын айтып отыр.
«Менімше, бұл жерде жалпы үлкен қайшылық жоқ сияқты. Тәжиннің «ЕҚЫҰ ақыл айтқанымен біз өзіміздің дегенімізді істейміз» деп айтқаны да дұрыс шығар. Бізде ішкі міндеттеме бар, 4-5 заңға жаңалықтар енгізіледі, демократия үрдісін жалғастырмақ, сондықтан Қазақстан іс жүзінде өз халқының, ар-ожданының, элитаның алдында, осындай міндеттеме алып отыр. Сондықтан реформалар жалғасады».
Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин былтыр күзде, Испанияның астанасы Мадрид қаласында Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында «Қазақстанда БАҚ туралы, сайлау туралы, бейбіт шерулер туралы заңдарға өзгерістер енгіземіз, саяси партияларды тіркеуді жеңілдетеміз» деп айтқан болатын.