Accessibility links

Комиссия АҚШ әуе шабуылында 47 бейбіт тұрғын қаза тапқан деген қорытындыға келді


Бүгін Ауғанстанның үкіметтік комиссиясы өткен аптадағы Нангархар провинциясындағы әуе шабуылында үйлену тойына бара жатқан 47 адам құрбан болған, олардың 39-ы балалар мен әйелдер деп айтты. Бұның алдында АҚШ әскерилері өткен жексенбі күнгі әуе шабуылы бүлікшілерді көздеген болатын, онда қарапайым тұрғындар қаза болған жоқ деп мәлімдеген-ді. Бұл істі тергеп-тексеретін үкіметтік комиссияны Нангархарға Ауғанстан президенті Хамид Қарзай жіберген болатын.
XS
SM
MD
LG