Accessibility links

Ауғанстан президенті мен Пәкістан премьер министрі кездесті


Кабул 7 Шілде 2008 Үндістан елшілігі
Кабул 7 Шілде 2008 Үндістан елшілігі

Хамид Қарзай мен Юсуф Раза Гилани Коломбода кездесіп, аймақтағы бүлікшілер мәселесін талқылады. Олар Шри-Ланкада өтіп жатқан Оңтүстік Азиялық аймақтық саммит аясында кездесіп отыр.

7 шілдеде Кабулдағы Үндістан елшілігіне болған шабуылға Пәкістанның арнайы барлау қызметі агенттігінің қатысы бар деген мәселе Ауған президентімен Пәкістан Сыртқы істер министрінің келіссөздеріндегі басты тақырып болды. Ауғанстан, Үндістан және Құрама Штаттар 60 адамның өмірін қиған Кабулдағы шабуылдарға пәкістандық арнайы қызметтің қатысы бар деп айыптаған. Ресми Исламабад ол айыптауларды қабылдамаған. Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен Оңтүстік Азиялық аймақтық ынтымақтастық қауымдастығының саммитінде, ауған президенті Хамид Қарзай “терроризм мен оның мекендері” Пәкістанда терең тамыр жайған деді. Қарзай сондай-ақ аймақтағы жаппай таралған проблемалардың ең үлкені терроризм деп атап өтті.
“Аймақта кедейлік, азық-түлік жетіспеушілігі, энергия тапшылығы, қоршаған ортаның бұзылуы сияқты түрлі проблемалар толып жатқанда, терроризм ең үлкен әрі бәрінен қауіптісі болып келеді”-деді, Ауған президенті Хамид Қарзай.
Бұларада Пәкістан сыртқы істер министрі Юсуф Раза Гилани егер Қарзай Үндістан елшілігінің шабуылдарына Пәкістанның қатысы бар десе, онда өзі оған тәуелсіз тергеу жүргізуге тапсырма берсін деп айтты.
Саммит аясында кездескен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан премьер министрі Юсуф Раза Гилани екі елдің арасындағы терроризм мен бүлікшілерге қатысты мәселелерді талқылап, кездесуден кейін бірлесе таратқан мәлімдемесінде шекара аралық террорды тоқтатуға бірігіп күш салуға келіскені айтылды.
Жұма күні "The New York Times" газеті аты жазылмаған біреуге сілтеме жасап, Қабулдағы 60-тай адамның өмірін қиған бомба шабуылдарының артында Пәкістан барлау агентігі тұр деген ақпарат таратқан. Ресми Исламабад оны түбегейлі түрде жоққа шығарды. Пәкістан сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл айыптауға ешбір дәлел жоқ, ол “толығымен сандырақ” деп түсіндірді.
Дәл осы күні Пәкістан үкіметі арнайы барлау қызметіндегі талибан қолдаушыларын түбірімен құрту керек дегенді мойындаған. Үкімет өкілі Шерри Рехманның айтуынша,
1980 жылдары құрылған бұл барлау қызметінде Ауғаныстандағы совет әскеріне қарсы күрескен исламшыл жауынгерлерге қолдау танытқан жекелеген бір агенттер бәлкім болуы мүмкін. Шерри Рехман атап өткендей, ондай идеологияны ұстанған агенттер үкіметтің саясатымен бірікпей өз жолдарымен әрекет етушілер. Мұндай адамдарды анықтап алып, біз оларды түбірімен құртуымыз керек деген ол.
Бұл Пәкістанның жаңа үкіметінің арнайы барлау қызметі ішінде талибаншылдар болуы мүмкін дегенді мойындауы бірінші рет болып отыр. Бірақ, үкімет өкілі көп ұзамай өз мәлімдемесін өзгертіп, Пәкістанның арнайы барлау қызметіндегі мұндай проблемалар бұрындары болған деп айтты.
Пәкістан 2001 жылдан бері АҚШ бастаған аймақтағы терроризмге қарсы науқандағы исламшыл бүлікшілдермен күрес кезінде өзінің бір мыңнан аса қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын айтқан.
XS
SM
MD
LG