Қырғызстанның оңтүстігіндегі бірнеше емханада балаларға ВИЧ инфекциясын жұқтырған тоғыз дәрігер түрмеге жабылды. АКИ жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша сот үкімімен дәрігерлерге үш жылдан бес жылға дейін түрме жазасы беріліп, немқұрайдылық жасады деп айыпталған оларға келтірілген шығынды өтеу үшін 10 мың доллар төлеу тапсырылды.
Денсаулық сақтау министрлігі ВИЧ инфекциясы қан құю мен ине салу кезінде жұққан деп отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі ВИЧ инфекциясы қан құю мен ине салу кезінде жұққан деп отыр.