Accessibility links

Журналистерге жұдырық ала жүгірген кәсіпкер камераны қиратты


Журналистің бейнекамерасына ұмтылған Вячеслав Пак
Журналистің бейнекамерасына ұмтылған Вячеслав Пак

Қарағанды облысының Саран қаласында 15 шақты үй биылғы қыста жылусыз қалатын түрі бар. Оның себебі жылумен қамтамасыз ету міндетін мойнына алған жеке кәсіпкер жылу бағасын қымбаттатып жіберген.

Саран қаласының Жәкенов көшесіндегі 15- шақты үй тұрғындарының аталған кәсіпкермен теке –тіресі біраз жылдан бері жалғасуда. Бұл үйлердің тұрғындары өткен жылы қалалық сотқа шағымданып, кейіннен тұрғындар талабы бойынша Облыстық сотта да іс қаралған.

Жылу науқаны басталмас бұрын жазылған шағымды жергілікті сот жылу маусымының аяқталуына 2 апта қалғанда ғана тұрғындардың пайдасына шешкен.

Қала тұрғыны Любовь Шиенко:
Любовь Шиенко: Арқаның аязында қалтырайтын шығармыз


- Біз Пактың істеп отырған ісімен екі жылдан бері күресудеміз. Аталған кәсіпкердің өз білгенімен белгілеген тарфиі көңілімізден шықпайды. Жылу беру маусымында біздің үйлердің тұрғындары әр шаршы метр үшін 130 теңгеден төлейді. Қазақстанда мұндай бағалар жоқ. Қарағандының өзінде жылу бағасы біздегі жылу тарифімен салыстырғанда екі есе төмен,-дейді.

Соттағы іс тұрғындар пайдасына шешілгенімен, жылумен қамтамасыз ететін кәсіпкер "маған ешкімнің сөзі жүрмейді" деген қоқан- лоқы әрекет көрсеткен.
Ал жылу науқаны сайын аталған көшенің тұрғындары 1 шаршы метр жылу үшін 100 теңгеден артық төлеп келген.

Сот шешімі бір ғана жылу маусымына байланысты жасалған. Сондықтан биылғы жаңа жылу маусымында әр шаршы метрге 130 теңгеден төлейсіңдер. Келіспесеңдер үйлеріңді жылудан ағытамыз, пеш орнатып алыңдар дейді екен жергілікті жылу қожайыны Вячеслав Пак.

Тұрғындар болса жылу жүйесіндегі және үй ішіндегі жөндеу жұмыстарының бәрін де өз күшімізбен жүргіземіз. Ол үшін бізге ешкім қолұшын беріп жатқан жоқ деп зар илейді.

Біз аталған кәсіпкерге барып жолығамыз десек, өзіне кіргізбейді. Дөрекі сөздерменен кабинетінен шығарып салады дейді тұрғындар Өткен жылы қақаған қыс ортасында жылу жүйесінде апатты жағдай орын алғанда тұрғындар өз қаражаттарына дәнекерлеуші жалдап, ақауды реттеуге бір аптадай уақыт кеткен. Кейін тұрғындарға берілген жылу ақысына төлем төлеу түбіртегі жіберілгенде әлгі жылу берілмеген аптаның да ақшасы қосып жазылғанына наразылық білдірген адамдарды сарандық жылу қожайыны қорқытып-үркітпекші де болған екен.
Вячеслав Пак Сіздермен сөйлесуге уақытым жоқ

Облыс орталығы Қарағанды қаласына жақын жатқан бір кезде қанаттас қалалар деп аталған елді мекендердің бірі- Саран қаласы трұрғындарының шешімін таппай отырған, әлеуметтік өзекті мәселелері мұнымен бітпейді. Саранда ауыз судың тапшылығы да көптен бері қалыпты жағдайға айналған. Суға сараң Саранда тұрғындардың айтуынша, су таңғы 3 тен 6-ға дейін беріледі. Ал оның өзі тек бірінші қабаттағы тұрғындарға ғана жетеді де, қысымның әлсіздігінен су жоғары қабаттарға көтеріле алмайды. Жоғары қабаттарда тұратындардың шелегін көтеріп, таңғы алтыға дейін төменгі қабаттағы көршілерінің есігін қағып тұратындығы сондықтан.

Саран тұрғындарына жылу мәселесінде жақсы танымал кәсіпкер Вячеслав Пакты Қарағандыдағы ТВК телеарнасының тілшілері жұмыс орнына бара жатқан жолда кездестіреді. Жылу қожайыны мәселенің мән- жайын анықтамақшы болған жергілікті телеарна тілшілерінің бейнекамерасын сындырып, операторды соққыға жығуға дейін барған.
Қазір "қазаншының еркімен қайдан болсын құлақ шығарғысы келетін" кәсіпкердің тұрғындарға қатысты "өзім білемдігі" мен тілшілерге күш көрсетіп, түсіру техникасына зақым келтіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG