Бүгін Астанада өткен мәжілісте Қазақстан премьер-министрі К.Мәсімов республиканың ауылдарын телефондандыру мәселесін жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, күні кеше ғана үкіметте өзін-өзі басқару туралы заңның жобасы қаралғанда, ауылдағы елді-мекендерге жаппай желі тартылып, түгел телефон қойылмайынша, ол заңның толыққанды орындалмайтынына көз жеткен. Соған байланысты үкімет төрағасы ол заң “өте маңызды және қажет, онсыз қоғам толыққанды өркендей алмайды” деп мәлімеді.