Теледидардан берілген 1 сағаттық сөзінде Мушарраф өзіне қарсы парламенттегі саяси қарсыластары таққан айыптардың “нақақ жала” екенін дәлелдей алатынын мәлімдеді. Бірақ генерал Мушарраф өзінің ондай іс-әрекеті елді ұзаққа созылатын саяси дағдарысқа душар ететінін айтты.
МУШАРРАФ: - Қалыптасқан ахуалды тұтастай саралап көрген соң, өзімнің заңгер кеңесшілеріммен және саяси үзеңгілестеріммен кеңескен соң, солардың кеңесімен мен бүгін биліктен кететінімді жариялаймын. Менің қызметтен кететінім туралы мәселе бүгін Ұлттық жиналыстың спикеріне жіберіледі.
Бұрынғы армия басшысы әрі терроризмге қарсы АҚШ жүргізген соғыста оның берік одақтасы болып келген генерал Первез Мушарраф 1999 жылғы қантөгіссіз жүзеге асырылған мемлекеттік төңкерісте билікті басып алды. Сол жылы премьер-министр билігінен құлатылған Наваз Шариф – бүгін Мушаррафқа импичмент жариялауды жоспарлаған парламенттің бірден-бір маңызды мүшесі болып отыр. Пәкістан Kонституциясында вице-президент лауазымы қарастырылмаған. Оның орнына түрлі себеппен президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, парламенттің жоғарғы палатасы – Сенаттың төрағасы президент міндетін атқаруға кіріседі. Бұрын Мушаррафтың жақын одақтасы болған, Сенаттың қазіргі спикері Мухаммад Миан Сомо – Мушаррафтың биліктен кетуі қабылданатын болса, президент міндетін атқаруға кіріседі.
Ресми түрде президентті сайлайтын Пәкістан сайлаушыларының алқасы 90 күннің ішінде жаңа президентті сайлауға тиіс. Елді билеген жылдарында Первез Мушарраф Пәкістанды демократия жолына қайта бағыттауға уәде беріп келді.
Бірақ оның қарсыластары Мушаррафтың саяси бостандықты тұншықтырып келгенін айтады. 2002 жылғы жалпыға бірдей сайлаудың барысында жаппай заң бұзушылыққа жол берілгені тіркеліп, сол жылы сайланған парламент Первез Мушаррафты президент етіп сайлады. Генерал Мушарраф президент билігіндегі мерзімі аяқталған 2007 жылдың соңында тағы да парламенттің сол шақырылымында қайта сайланды.
Саяси сарапшылар оның күйреуі Ифтихар Чаудхриді Жоғарғы соттың төрағасы қызметінен босатпақ болған 2007 жылдың 9 наурызында басталғанын атап көрсетеді. Чаудхри оған көнбей, сот билігін қорғау үшін Мушаррафқа қарсы адвокаттардың қозғалысын жұмылдырып, оған қарсы саяси оппозицияны қайрады.
Осындай қысылтаяң жағдайда Мушарраф Жоғарғы сот өзінің президент билігіне қайта сайлануының заңдылығын қарауға кіріспей тұрып, сот билігін “тазалау” мақсатымен 6 аптаға созылған төтенше жағдай енгізуге мәжбүр болды. Екінші мерзімге қайта сайланған соң Мушарраф Конституция талабына лайық болу үшін армия басшылығынан бас тартып, жалпыға бірдей сайлаудың жаңа мерзімін белгіледі. Өткен ақпан айында болған сайлауда оның одақтастары ойсырай жеңіліп, одақтастарының қатары сирей түсті.
Соңғы апталарда билік басындағы коалиция Мушаррафқа импичмент жариялау үшін тағатын айыптарын, оның ішінде “Конституцияны өрескел бұзды”, “заңсыздықтарға жол берді” деген айыптарын әзірледі. Соңғы апталарда Пәкістанның 4 аймақтық маслихаты түгел президентке сенімсіздік жариялап, биліктен кетуді талап еткен шешім қабылдады және Мушаррафтың бұрынғы бірнеше одақтасы да оған қарсы науқанға қосылды.
Коалицияның мүшелері президент өзіне импичмент жарияланбай тұрып биліктен өзі кетер деп үміттенді. Оның саяси үзеңгілестерінің бірқатары Мушарраф импичмент жарияланғанша, тағылған айыптардың кейбіріне жауап беруге тиіс деп есептеді. Дүйсенбі күні теледидар арқылы сөйлеген 1 сағаттық сөзінде Первез Мушарраф биліктен кететінін жариялаудан бұрын өзінің саяси және экономикалық іс-қимылы туралы есеп берді.
Сауд Арабиясы, АҚШ және Ұлыбритания президент Мушарраф пен үкімет арасындағы теке-тіресті тоқтатуды көздеген келіссөзге араласты. Ресми Вашингтон Мушаррафтың келешек тағдырын Пәкістан халқының өзі шешуге тиіс деп мәлімдеді.