Джон Ордвей қазақстандық журналистерге берген Алматыдағы өзінің соңғы баспасөз-мәслихатында Астанада қызмет атқарған жылдарында АҚШ пен Қазақстан қарым-қатынастары бұрынғыдан да жақсара түсті деп атап өтті.
Ол бұл төрт жыл екі елдің байланыстарын одан әрі де жақсарта түсуге өзіндік негіз қалады деген ойын ортаға сала келіп, "Қазақстандағы дипломатиялық қызмет жылдарым ешқашан ұмытылмайтын тамаша өмірлік тәжірибе кезеңі болды" дегенге назар аударды.
-Бұл мен төрт жыл бұрын, Қазақстанға алғаш келген кезде, ойлағанымнан әлдеқайда жақсы тәжірибе болды,- деп атап көрсетті еліне қайтып бара жатқан елші Джон Ордвей.
Джон Ордвейдің пікірінше, алдағы уақытта да АҚШ Қазақстандағы ірі инвестор болып қала береді. Америка әсіресе Қазақстанның мұнай-газ секторына инвестиция салуға мүдделі деді ол.
Журналистердің Қазақстанда сөз еркіндігі бар ма деген сауалына Джон Ордвей
"Сөз бостандығы мына стакандағы су сияқты, қалай қарағаныңызға байланысты, ол жартылай ма, әлде жартылай толы ма немесе ол лас па, әлде таза, мөлдір ме, менің бар айтарым- ыдыста су болса, ол онда толы болуы керек" деп жауап берді.
АҚШ елшілігінің Азаттық радиосына хабарлауынша, Американың Қазақстандағы жаңа елшісі болып, қазіргі таңда АҚШ-тың Түркменстандағы елшілігі істерінің уақытша сенімді өкілі қызметін атқарушы Ричард Хоугленд тағайындалған.
Оған дейін Тәжікстанда елші қызметінде болған Хоугленд қызмет сатысының бастапқы жылдарында АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Орта Азия мен Кавказ істері бойынша бөлімін басқарған.
Осы мекеменің сайтында Ричард Хоуглендтің Ресейде, Өзбекстан мен Пәкістанда дипломатиялық қызметтерде болғаны және Ауғанстандағы айрықша тапсырмалар бойынша елшінің орынбасары міндетін атқарғаны жөнінде де хабарланған.