Бұл үдеріс ресми түрде қабылданды. Осылайша Демократиялық партия Құрама Штаттар тарихында алғаш рет президенттікке үміткер ретінде афро-америкалық адамды таңдап отыр. Бұдан бұрын Хиллари Клинтон партия бірлігінің белгісі ретінде Обамаға дауыс беруге шақырған болатын. Бұл ұсынысты қабылдағаны жөнінде Барак Обама бүгінгі күннің соңына қарай сөз сөйлемекші.