Ұлттық темір жол компаниясының мемлекеттік сатып алулар бойынша бұрынғы басқарушы директоры Руслан Местоев Астанада 8 қыркүйек күні жалғасқан сот отырысына өз орнына адвокаты Ермек Бектасовты жіберген екен. Адвокаттың айтуынша, Местоев науқас болуы себепті сот процесіне келе алмаған.
-Менің клиентім жасырынып жүрген жоқ, оның Мәскеуде емделіп жатқанын растайтын құжат бар,- деген адвокат Склифосовский атындағы Мәскеу қалалық ғылыми-зерттеу жедел жәрдем институтының дәрігерлік анықтамасын көрсеткен.
Руслан Местоевтың адвокатын сот залына прокурор Еркін Шәріпов шақыртқан еді.
Бірақ адвокаттың куәлік етуіне Жақсыбек Күлекеевтің жағы наразылық білдіргендіктен, ол куәлік жауабына тартылған жоқ.
ҚТЖ компаниясы бұрынғы президентінің адвокаты Сәлімжан Мусин Қылмыстық кодекске сілтеме жасай отырып, "куәнің адвокаты сотқа қатыса алады, бірақ оның орнына куәлік бере алмайды" деп мәлімдеді.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-ші сотының судьясы Нұржан Жолдасбеков Күлекеевтің адвокаты алға тартқан мұндай уәждермен келісті:
-Біз Местоевты күтеміз, оның үстіне куәні мәжбүрлі түрде сотқа әкелу қаулысы өзінің күшін жойған жоқ. Прокуратураға дәрігерлік анықтаманың шынайылығын және Местоевтың Мәскеуге жол билетін сатып алған, алмағанын тексеруді тапсырамын,- деді.
Мұның сыртында 5 қыркүйектен бастап Руслан Местоевтың ҚТЖ компаниясында жұмыс істемейтіндігі белгілі болды. Компанияның ресми деректері бойынша ол екі ай бойына жұмысқа шықпағандықтан, қызметінен босатылған.
8 қыркүйек күнгі сот отырысында сот ісі басталғаннан бері бірінші рет Күлекеев тарабы куәлерінің жауаптары тыңдалды.
"Едгрупп" компаниясының директоры Бауыржан Шойбеков компания шпалдарды сатып алу тендерін тиімді баға, демек ең төменгі баға, ұсыну арқылы ұтып алғанын айтып, басқа да куәлердің сөздерін растай түсті.
Жауап алынған куәлік берушілердің көбісі тендерлердің заңды өткенін және компания басшылығына ешқандай қысым көрсетілмегенін айтты.
Бұл туысының жол жөндеу тендеріне қатысуына ықпал етті деп Күлекеевке тағылып отырған айыпқа қатысты мәселе болатын.
Келесі куәгер «Қазақстан темір жолы» компаниясының департаменті директорының орынбасары Сұңғат Назыров та компания басшылары тарапынан ешқандай қысым жасалмағанын растады.
Бірақ куәгер ретінде сотқа шақырылған, компанияда темір жол жөндеуімен айналысатын бас инженерлердің бірі Қалиолла Ысқабұлов «Едгрупп» серіктестігінің компанияға берген шпалдарының келісімге сай болғанымен, сапасының толық сәйкес келмегендігін айтты. Оның айтуына қарағанда 800-ге жуық шпалдың 45-інен түрлі ақаулар табылған.
"Өкінішке қарай біз жасалған келісім бойынша өз міндеттемемізді толық орындай алмадық, өйткені қаржы полициясы құжаттардың бәрін тәркіледі де, соған байланысты жұмыс тоқтап қалды. Бұған қоса темір жол станцияларында біздің тауарларымызды қабылдамай қойды,-деді Бауыржан Шойбеков соттағы жауап беру барысында.
Шойбеков сонымен қатар "Едгрупп" компаниясы "Қазақстан темір жолын" шпалдармен компания басшылығына Жақсыбек Күлекеев келмей тұрғанға дейін де қамтамасыз етіп келгенін хабарлады сотта.
Жақсыбек Күлекеевке қарсы сот ісі 15 тамызда басталған болатын.
ҚТЖ-ның бұрынғы басшысына тағылып отырған барлық айыптар төрт тармақтан тұрады, олар: 100 мың доллар көлемінде пара алу; жекеменшік аутокөлігін компанияға қымбат бағамен сату; компания күзетін жеке мақсатқа пайдалану және "Едгрупп" компаниясын заңсыз тұрғыда тендер жеңімпазы деп тану деген айыптар.
Жақсыбек Күлекеевтің өзі бұл айыптаулардың ешқайсысымен келіспейді.