Вашингтон мен Бағдад Ирақтағы американдық күштердің санын азайтқысы келеді. Ақ Үйде Ирақ президенті Жалал Талабанимен кездескен АҚШ президенті Джордж Буш осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ирақтағы жағдай әлі күрделі бірақ қауіпсіздік мәселесі айтарлықтай жақсарған. 2007 жылы АҚШ Ираққа 30 мыңға жуық қосымша әскер жіберген болатын. Буштың атап көрсетуінше, келесі жылдың басына дейін Ирақтан шамамен 8 мың АҚШ сарбазы шығарылады деп жоспарланған. Осыдан кейін Ирақта шамамен 138 мың АҚШ әскері қалуы мүмкін.