Шамамен 3 мың адамның өмірін қиған АҚШ-тағы лаңкестік шабуылдарға бүгін 7 жыл толып отыр. 2001 жылы қыркүйектің 11-де орын алған оқиғаны президент Джордж Буш бүгін бір сәт үнсіздікпен еске алады. Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығы мұнаралары құлаған жерде бүгін өтетін еске алу шарасына президенттіктен үміткерлер – Республикандықтар партиясының мүшесі Джон МакКейн мен Демократтар партиясының мүшесі Барак Обама қатысады.