Accessibility links

Қаржы полициясы Бүркітбаевқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды


ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) баспасөз қызметі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Серік Бүркітбаевтің үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғамағанын айтып отыр деп хабарлайды «ҚазТАГ» ақпарат агенттігі. Қаржы полициясының баспасөз хатшысы Әбдірәлі Бөлебай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оны (Бүркітбаев) қазір үйқамақта ұстап отырғанын жеткізген. Алайда ҰҚК-нің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров «бұл мәселе туралы ешқандай түсінік бермейтіндерін» айтқан.

Кеше «Время» басылымы құқық органдарының бірінде қызмет істейтін ақпарат көзіне сілтеме жасап, Қаржы полициясы Бүркітбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғапты деп жазған болатын.

Өткен аптаның соңында қазақстандық кейбір басылымдар Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Серік Бүркітбаевты қамауға алыпты деген ақпарат таратқан еді.

XS
SM
MD
LG