Accessibility links

Америка Украинаны Ресейден қорғауға дайын


Егер Украина жеріне қатысты дау шыға қалса, Америка Құрама Штаттары украин жағын қолдайды.
Киевте Украинаның ресми өкілдерімен өткізген келіссөзінен кейін АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэниэл Фрид осылай деп мәлімдеді.
Ресей мен Грузияның қарулы қақтығысынан кейін Украина мен Батыстың бірқатар саясаткері Мәскеу дәл осындай жолмен Қырым түбегін де қайтарып алуға тырысуы мүмкін деп алаңдай бастады.
Өз кезегінде Кремль Украинаның мемлекеттік шекарасын мойындағанын және құрметтейтінін мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG