Accessibility links

Францияда ЕуроОдақ-Орта Азия форумы ашылды


Бүгін Парижде Еуропа Одағы мен Орталық Азия арасында қауіпсіздік мәселесіне қатысты алғашқы форум басталды. Оған ЕуроОдаққа мүше 27 елдің ресмилері мен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және Қырғызстан мемлекеттерінің өкілдері қатысуда. Бұл жиынға сондай-ақ Түркия, Хорватия, Македония, Ресей, Қытай, Жапония, Ауғанстан елдерінің өкілдері де келген. Келіссөздерде лаңкестік қауіпі, адам саудасы мен есірткі тасымалына қарсы күрес, сонымен қатар, энергетика мен қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Еуропа Одағының хабарлауынша, бұл форум одақтың Орталық Азиядағы міндеттемесін білдіруге бағытталған.
XS
SM
MD
LG