Пәкістанның жаңа президенті Асиф Әли Зардари алғаш рет парламентте сөз сөйледі.
Ол депутаттарға президенттің бірқатар билік құзырын, оның ішінде министрлерді қызметтен босату және парламентті тарату сынды құзырынан айыру мүмкіндігін қарауды ұсынды.
Зардари, сонымен бірге, халықаралық терроризммен қатар, елдің егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзған кез-келген сыртқы күштерге Пәкістанның тойтарыс беретінін мәлімдеді.
Оның алдында Пәкістан армиясының басшылығы АҚШ-тың Пәкістан территориясына соққы беруіне қатты наразы болып, Пәкістанның егемендігін қорғайтындарын ескертіп үлгерген болатын.