Қарағанды облысындағы соттардың кейбір шешімдеріне прокурорлар мен полиция қызметкерлері наразы.
Балқаш қаласына 100 килограмм марихуана есірткісін алып бара жатқан қылмыскерді Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында келіп түскен жедел ақпараттарға сәйкес, жол полициясы қызметкерлері құрықтаған. Қылмыстық іс қозғалып, жүргізілген тергеу амалдары барысында қылмыскер есірткі заттарын сатуға алып бара жатқанын айтқанымен, Ақтоғай аудандық сотының судьясы қылмыскерді 5 жылға ғана бас бостандығынан айырған.
Бұл шешіммен облыстық прокуратура келіспей, істі қайта қараған кезде судья қылмыскер бұл есірткіні өзінің жеке пайдалануына алып бара жатқанын айтқан соң заң бойынша осындай жаза қолдануға мәжбүр болғанынын алға тартқан.
Дегенмен де тергеу амалдары кезінде істі болған азамат есірткіні сатуға алып бара жатқанын мойындаған.
Қылмыскерді құрықтауда төгілген тер мен атқарылған істерді жоққа шығаратын кейбір сот шешімдеріне наразы болатын прокуратура бұл жолы да жүрістен жаңылған жоқ. Прокурорлық келіспеушілік білдірілген соң іс облыстық сотта қаралды. Нәтижесінде аудандық соттық шығарған шешімі заңсыз деп табылып, облыстық сот қылмыскерді 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Қарағанды облысында қылмысы толық дәлелденген қылмыскерлер соттардың шешімімен сот залынан босатылатын жағдайлар қалыпты жайтқа айналып бара жатқан тәрізді. Жақында жарты жыл бойы соңдарынан із кесу жұмыстары мен бақылау шаралары жүргізіліп, ауыр қылмыстары үшін құрықталған Қарағандының атақты қылмыстық тобының 2 жетекшісі сот залынан бостандыққа шығып кетті дейді Облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері