Асиф Али Зардари президенттік ант қабылдаған соң бірер сағаттан кейін және жарылыстың ізін ала ұлтқа арнаған қысқа сөзінде осылай деп атап көрсетті.
Хабарларға қарағанда, жарылыстан құрбан болғандар саны 40 пен 60 аралығында. Олардың саны әлі де өсе түсуі мүмкін, үйінділер астында қаза тапқандардың денелері қалған болуы керек. 200-ден астам адам жарақат алған.
АҚШ, Британия мен БҰҰ қастандық шабуылын айыптады.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Marriott халықаралық қонақ үйінде мұндай қуаты күшті жарылыстың жасалып, ол көптеген адамдардың өмірін алып кеткеніне қатты қынжылыс таныта отырып, оның мүлде адамгершілікке жатпайтын қатыгездік екендігін атап көрсетті. Мұндай қастандықтың әсіресе мұсылмандардың Рамазан айында жасалуы да айрықша назар аудартып отыр.
Marriott қонақ үйіндегі жарылыста қаза тапқандар ішінде Чехияның елшісі де болған деген хабар таратты бүгін Чех республикасының Сыртқы істер министрлігі. Веб сайтта жарияланған хабарда елші Иво Здаректің қаза табуының басқа егжей-тегжейі айтылмаған.
Жан-жақты қауіпсіздік қамтамасыз етілген қонақ үйде құрбан болғандар 60-қа жуықтайды, құтқарушылар оқиға орнында әлі де жұмыс істеуде.