Accessibility links

Парламент 3 жылдық жобаны тағы талдайды


Өзінің бүгінгі пленарлық отырысында Қазақстан Парламентінің Мәжілісі 2009-2011 жылдарға арналған республика тарихындағы тұңғыш 3 жылдық бюджетті талқылауды 22 қазанға дейін жалғастыру туралы шешімге келді.
Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова хабарлағандай, депутаттар бюджет жобасын талдап, 22 қазанда қорытындысын шығарады.
Мәжіліс депутаттары, сонымен қатар, “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдары міндетті түрде қаржы бөлу туралы” заңға түзетулер енгізу жобасын да 22 қазанға дейін талдайды.
XS
SM
MD
LG