Accessibility links

Ирақ парламенті “Киркук мәселесін” тағы шеше алмады


Ирақтың солтүстігіндегі мұнайға бай Киркук қаласының тағдыры бойынша бірнеше айға созылған талас-тартыстан кейін бүгін парламент өлкелік сайлау туралы заңды мақұлдады.
Парламент сайлау өткізудің ең соңғы мерзімі ретінде 31 қаңтарды белгілеп, Киркук бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырды. Сайлау бастапқыда қазан айына белгіленген болатын. Бірақ араб пен күрд және этникалық түркімен депутаттарының Киркук мәселесін талқылауына байланысты сайлау туралы заң кейінге ысырылып келді.
XS
SM
MD
LG