Accessibility links

Венада Әлнұр Мұсаевты ұрлап әкету әрекеті болды


Аустрия прокуратурасының мәлімдеуінше, Вена көшесінде қарулы 4 адам Мұсаев пен оның тілмәші, Аустрия азаматшасы Лидия Айкмайэрді ұрлап әкетуге тырысқан.

Аустрияның астанасында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал Әлнұр Мұсаев пен оның тілмәшін ұрлап алып кету әрекеті болды. Ол туралы Аустрияның федералдық прокуратурасын сілтеп көрсеткен The Wall Street Journal газеті жазады.

Аустрия прокуратурасының мәлімдеуінше, Вена көшесінде қарулы 4 адам Мұсаев пен оның тілмәші, Аустрия азаматшасы Лидия Айкмайэрді ұрлап әкетуге тырысқан.

Ә.Мұсаев пен Айкмайэрдің The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында хабарлағанындай, өздері қарсылық көрсетіп, көшедегілердің назарын аударған соң шабуылдағандар қашып кеткен. Бірақ Мұсаев та, оның тілмәші де жараланған.

The Wall Street Journal-дің мәліметі бойынша, қазір Аустрия прокуратурасы Мұсаевты шетелдің азаматтары ұрламақ болуы мүмкін деп, осы күдігін тергеуге кірісті.

Ә.Мұсаев – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы әрі Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевпен бірге өткен жылы Қазақстаннан Аустрияға қашып, қазақ президентін Батыстың мұнай компанияларынан миллиондаған доллар пара алды деп айыптады.
XS
SM
MD
LG