Accessibility links

Freedom House: Қазақстан ЕҚЫҰ-ның абыройын түсіреді


2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болатын Қазақстанның демократияны дамытпауы Еуропадағы адам құқын қорғайтын беделді ұйымның абыройын түсіреді. Халықаралық Freedom House ұйымы осылай деп ескертеді.
Аталған ұйым сейсенбі күні жариялаған баяндамасында Қазақстанның Еуропалық ұйым (ЕҚЫҰ) алдындағы міндеттемелерін орындамайтынын мәлімдеді.
Ақорда әзірше ешқандай түсініктеме бермей отыр.
Адам құқын қорғайтын Батыс ұйымдары билік басында 1989 жылдан бері отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевты саяси оппозицияға жол бермейді деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG