Еуропа Одағының сыртқы істер басшысы Хавьер Солана Грузиядағы бақылау қызметі ойдағыдай басталып кетті деді. Ол бақылаушылар буферлік аймақтағы қызметіне бүгін кіріскен болатын. Бұл жасақ құрамында 200-дей бақылаушы бар. Ресей әскерилерімен келіссөздерден кейін бақылаушылар қауіпсіздік аймағына жіберілген еді. Олардың кеңсесі Грузияның Базалети қаласында орналасқан. Ресей әскері қауіпсіздік аймағынан қазанның 10-на дейін шығуы тиіс.