Accessibility links

Уран өндіруден Қазақстан 2010 жылы бірінші орынға шығады


Вашингтондағы Карнеги қорында жасаған баяндамасында Марат Тәжин Қазақстанның 2010 жылға қарай жылына 15.400 тонна уран өндіруді жоспарлағанын мәлімдеді. Ол атап көрсеткендей, Қазақстан үкіметінің стратегиясы – энергия үнемдеу мен экология мәселелері бойынша кешенді бағдарлама қабылдау арқылы энергия көздерінің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздікті жетілдіруді көздейді.
Министрдің мәлімдеуінше, барланған уран қоры жағынан бүгін Қазақстан екінші орында, бірақ 2010 жылы 15.400 тонна уран өндіріп, әлемде бірінші орынға шығуы мүмкін. Оған қоса, -деп мәлімдеді М.Тажин, - осыған дейін жылу бөлетін элементтер мен құрамаларды шығаруға қатыспаған Қазақстан 2015 жылға қарай осы саланың 15 пайызына ие бола алады.
XS
SM
MD
LG