Біріккен ұлттар ұйымы Пәкістандағы қауіпсіздіктің ахуалына алаңдап, өзінің осы елдегі өкілдерінің балаларына дереу елден кетуге бұйрық берді. Ұлттар ұйымы өзінің өкілдеріне Исламабадта, Равалпиндиде және ауған шекарасына жақын Куетта қаласында бала-шағасымен бірге тұруға рұқсат бермеді. Оған себеп: Пәкістанда қантөгіс көбейіп барады, оның ішінде өткен айда Исламабадтың Марриот қонақ үйінде жарылыс болып, 50-ден астам адам құрбан болды. Олардың арасында 3 АҚШ азаматы мен Чехия елшісі болды.