Бейсенбі күні Рахат Әлиевтің қоластындағы интернет-сайтта Жармахан Тұяқбайға қарсы бағытталған әшкере мәліметтер жарыққа шықты. Онда Жармахан Тұяқбайдың дауысына ұқсас дауысы бар адаммен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сол кездегі төрағасы Нартай Дүтбаевтың дауысына ұқсас дауысы бар адамның телефон әңгімелері жарияланды. Бұл кейіпкерлер ресторанда құпия жағдайда кездесуге келісті.
Осы қарамақайшы мәліметке сүйенетін болсақ, Нартай Дүтбаев және президент әкімшілігінің сол кездегі басшысы Әділбек Жақсыбеков деп көрсетілген екі адамның арасындағы әңгімеде Жармахан Тұяқбайдың Назарбаевпен кездескісі келетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, Әділбек Жақсыбеков және Нартай Дүтбаев деп белгіленген телефон әңгімелерінің екі кейіпкері оппозициялық партияның басшысы төңірегінде мәселелерді сөз етеді. Онда Нартай Дүтбаев өзінің қарауындағы оппозиция жетекшісінің дұрыс адам екенін және оның келісілген ереже бойынша ойын жүргізетіндігін мәлім етеді.
Азаттық радиосының тілшілері кешелі бері Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай мен оның орынбасары Әміржан Қосановқа хабарласқанымен, олардан қандай да бір жауап естудің мүмкіндігі болмады.
Жұма күні түстен кейін «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінде осы жағдайға байланысты Жармахан Тұяқбайдың сұхбаты жарық көрді. Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы төрағасы интернетте пайда болған телефон әңгімелерін өзі мен және оның партиясының беделін түсіруге бағытталған кезекті жоспарлардың бірі деп сипаттайды.
«Мен бұл адамдардың арасындағы телефон әңгімелерінің қаншалықты шындық екенін кесіп айта алмаймын. Ашығын айтар болсақ, кез келген партияның ісі қоғаммен, соның ішінде биліктің өзімен де көп жақты байланыстардан тұрады. Мен бұл туралы өзімнің сөздерімде талай айттым. Партияның мүддесі мен ортақ демократиялық істер үшін және әділ сайлау өткізуге, қудалауға ұшырап жатқан әріптестерімді қорғау мақсатында, сондай-ақ, өзіміздің жұмысымыздағы көлденең тұрған кедергілерді алу үшін, бұл жұмысты әлі де жалғастырудамын.
2007 жылдың басында президентпен кездесуге бастама көтердім. Алғашқы әңгіме өте қиын болды. Мүмкін, бұған менің биліктің саясатына деген теріс бағам әсер еткен шығар», - дейді партия төрағасы осы сұхбатында.
Жармахан Тұяқбай күдікті телефон әңгімелерінде құпия қаржыландыруға байланысты айтылған сұрақтарға оппозициялық партия дамуы азаматтық ойы бар адамдардың арқасында жүзеге асып жатқанын мәлімдейді. Сондай-ақ, Қазақстандағы бүгінгі жағдайға байланысты ол адамдардың атын атай алмайтындығын алға тартады.