Accessibility links

Қазақстан үкіметі қаржыландыратын Америка ғалымдары


Аналитикалық зерттеулері үшін Қазақстанның үкіметтік қорларынан ақша алған жергілікті сарапшылар Құрама Штаттарда тұтанған жанжалдың басты кейіпкерлеріне айналды.

Қазақстан басшылығы Батыста өткізілетін әр түрлі беделді шаралар мен лоббисттік акцияларды ұйымдастыруға қаржыны аямайды. Қазақстан салық төлеушілері не үшін ақша төлемейді дейсіз: ірі халықаралық телеарналардағы жарнамалық науқандар үшін, Евразиялық - медиа форум сияқты форумдар мен конференциялар, симпозиумдар ұйымдастыру үшін.
Мұндай басқосуларға жиналушы «Қазақстан достары» деп аталатын қонақтардың ішінде Астана мен Алматы арасында Қазақстан қазынасының есебінен жанға жайлы саяхат жасауға дәндеп алған, Атлантиканың арғы- бергі жағындағы көптеген елдерден келетін сарапшылар мен парламентарилер де аз емес.

Жоғары орындарда отырған Қазақстан шенеуніктерінің сеніміне кіріп алған талдау орталықтарының Қазақстанда болып жатқан процестерді Батысқа «дұрыс, жағымды» етіп көрсету үшін жасаған еңбектеріне Астанадан қаржы алуды көздейтіні таңқаларлық емес.

АҚШ- тың Джон Хопкинс Университеті жанындағы Кавказ және Орталық Азия институтында жасалған талдау зерттеулерге төлем ретінде бір лоббистік фирманың Қазақстан елшілігі атынан аударған ақшасы төңірегінде дау туды. Қазақстанда өріс алған жемқорлықтың жанында түкке де тұрмайтын елу мың доллардан сәл асатын осы қаржы үшін Америка сарапшылары беделіне дақ түсірмеуге тырысып, баспасөз арқылы ақталуға мәжбүр болды.

Американың ABC телекомпаниясының журналисі Эмма Шварц жағдайды өз материалында былай деп түсіндіреді:

Үстіміздегі жылы Джон Хопкинс Университеті жанындағы Кавказ және Орталық Азия Институты Қазақстанға арналған үш баяндама жариялады. Баяндамада «жаңа орта таптың» қалыптасуы туралы және осы мұнайға бай елдің «жетістіктері» туралы баяндалған. Алайда, бұл баяндамаларда зерттеу жұмысын Қазақстан үкіметі қаржыландырғаны туралы бір де бір сөз жоқ.

Төлемдер Вашингтонда орналасқан APCO Worldwide лоббистік фирмасы арқылы елдің имиджін жақсарту мен елге әлем назарын аудартуға арналған Қазақстан ұйымдастырған кең көлемде өткізілген науқанның барысында төленген, - деп жазады автор.

Лоббистік компанияның ірі америкалық талдау орталықтарының ғылыми зерттеулерін қаржыландырып отырғаны APCO компаниясының өз жұмысы жайлы кезекті міндетті есеп беру кезінде анықталды.

Американың Қазақстандағы бұрынғы елшісі, қазір APCO компаниясының лоббисі Элизабет Джонс:
«Олар Қазақстанға мейлінше зор назар аудартқылары келді. Біз айттық, олай істеуге болады, бірақ бақылау жасай алмайсыңдар деп. Олар келісті»

Вашингтондағы саясатты билеушілерге шетелдік басшылардың барынша ықпал етуге тырысуы әдеттегі жайт екендігіне қарамастан, бұл жағдайда шағым жасауға бәрібір мүмкіндік болды. Жарияланымда көрсетілгеніндей, «кейбір ғалымдардың тұжырымынша, тіпті сол қаржының зерттеу қорытындысына әсері тимесе де, институт өздерінің ғылыми жұмыстарын қаржыландыру көздерін жария етуі керек».

Әлемдік саясат институтының оқытушысы, аймақ бойынша тәжірибелі американдық маман Пол Гобл:
-«Қаржыландырылған көздер барынша ашық айтылуы керек. Егер олай болмаса, немесе жасырылғаны туралы сәл емеуірін білдірілсе, онда күдік туады, ондай нәрсе болды ма, болмады ма, оған қарамайды»

«Біз бұл елге қатысты жақсы тәсілдерді қолданамыз.Қазақстан сияқты елде кеңестік жүйе кезінен – ақ саяси және интеллектуалді элита қалыптасқан. Сондықтан, қаржы қорларын осылай қолдануға бейім, бірақ бұл бізге күдікті көрінеді»,-дейді тағы да ол.

Джон Хопкинс Университеті жанындағы Кавказ және Орталық Азия институты директоры С. Фредерик Старр APCO Қазақстан үкіметінің мүддесін қорғайтынын білетінін мойындады. Оның сөзіне қарағанда, олар Қазақстан үкіметімен емес, лоббистік фирмалармен қарым – қатынаста болған.

«Тақырып таңдау, ауторларды іріктеу, редакциялау 100 пайыз қолымызда болды,- дейді Старр, -бірақ, олармен болған келісімдерде имидж немесе оңды көзқарас қалыптастыруға қатысты әңгіме болған жоқ.

Жария етілген құжатқа орай «Қазақстанның жаңа орта таптары», «Қазақстандағы парламент және саяси партиялар» деген екі баяндама үшін 31 қаңтарда APCO компаниясы Джон Хопкинс университетіне Қазақстан елшілігінің атынан 52300 доллар аударды. Екі баяндама да сәуір айында жарыққа шықты. Шілде айында жарық көрген «Қазақстан және оның маңайындағылар» деген үшінші баяндама да Қазақстан жағынан қаржыландырылды, бірақ онық құжаттары әлі жария етілген жоқ.

Кавказ және Орталық Азия институты баяндамаларын жариялау төлем жағы келісілген аналитикалық дискуссиялар ұйымдарымен қатар жарияланды, бірақ ол жөнінде де құжат көрсетілген жоқ.

Үш автор да, оның ішінде, Қазақстанда ұзақ іссапарда болған екеуі АВС тілшілеріне:
-Институт тақырып белгілегеннен кейін, еркін зерттеу жүргізуге мүмкіндік алдық. Бұл маңызды тақырып болды, сондықтан оны қандай жағдайда болса да жазатын едік, - деді.

XS
SM
MD
LG