Тоғызыншы қазанда сағат 10.00-де Сенат Төрағасының Өкіміне сәйкес Сенаттың кезекті отырысы болады. Отырыс барысында бірнеше заң жобасы жөнінде мәселелер қарау жоспарланып отыр. Атап айтсақ, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары қаралмақ.