Accessibility links

“Үлкен жетілік” қаржы дағдарысын талқылайды


Әлемнің дамыған елдерінің өкілдері әлемдік қаржы нарығындағы дағдарысты ауыздықтау проблемасын талқылау үшін бүгін келіссөз өткізеді. Ұлттық үкіметтер мен Орталық банктердің іс-шаралары нәтиже бермеген соң, “Үлкен жетілік” елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банктерінің төрағалары бүгін Вашингтонда жиналмақшы. Халықаралық валюта қоры мәлімдегендей, бөлінген төтенше несие - қаржы нарығына серпін беруге тиіс.
Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Америка халқын дүрлікпеуге шақырған үндеу жолдайды. Ал Азияның қор биржаларында баға тағы да құлдырады. Кеше АҚШ-та Доу-джонс индексі 2003 жылдың тамызынан бері алғаш рет 9 мыңдық көрсеткішінен де төмен түсті.
XS
SM
MD
LG